БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

 

Негізі 1963 жылы қаланған «Бүлдіршін» балабақшасы сарайшықтықтардың ондаған ұрпақтары үшін көңілге ыстық мекен.

 

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің нұсқауына сәйкес және облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің шешімі бойынша Сарайшық селолық кеңесінің балабақшасы 1963 жылғы 1 шілдеде 30 балалық орынмен ашылды. Біраз жылдар Чкалов селолық округіне қарасты Сарайшық балалар комбинаты боп тұрды. Махамбет аудандық халық ағарту бөлімінің 1963 жылғы 1 шілдедегі №266 бұйрығына сәйкес балабақшаның меңгерушісі болып Қалжан Таспанова тағайындалды. Ол 1970 жылға дейін меңгеруші болды.

 

Қалжан Таспанова

 

Бұдан кейінгі жылдары Сарайшық селолық Кеңесіне қарасты Сарайшық балалар комбинаты болып атал

 

1970 жылдан бастап меңгерушілік жұмысты Рахима Оспанқызы Жұмағалиева қолға алды.

 

 

Рахима Оспанқызы Жұмағалиева

 

1976 жылы балабақша 120 орындық ғимаратқа көшті. 1981 жылдан бастап Сарайшық «Бүлдіршін» балабақшасы болып аталды.1987-89 жылдары меңгерушілік қызметті Сәуле Мұханова атқарды.    

 

 

      Сәуле Мұханова

  

1989 жылдан бастап осы балабақшаны ұзақ жыл басқарған Рахима Жұмағалиеваның қызы Гүлнәр Жолдасқызы Жұмағалиева анасының жолын қуып, балабақшаның меңгерушілігіне тағайындалды.

 

Гүлнәр Жолдасқызы Жұмағалиева

 

Одан кейін 2012-2014 жылдар аралығында Дәметкен Көшкінбаева меңгеруші болды.

 

Балабақшаға тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезең ауыр тиді. Әсіресе, 1997-99 жылдар аралығында балабақшаға жабылып қалу қаупі төніп, маусымдық балабақша болып жұмыс жасауына тура келді. Осы кезде Гүлнәр Жұмағалиева неде болса балабақшаның жабылмауы үшін ел арасынан бала жинап, әупіріммен 15 шақты баланың басын құрап, бес-алты қызметкермен оны ұстап қалды. Сол кезде оның жанында болған Шәриза Досмағұлова, Дәметкен Көшкінбаева, Сәлия Тоқабаева, Роза Бекарыстанова, Дәрен Есенғазиева, аспаз Сәбила Құбашева бір кісідей білек біріктіре жұмыс жасап, балабақшаны қиындықтан алып шықты.

 

1999 жылдан бастап балабақша коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны «Бүлдіршін» балалар бақшасы болып өзгерді. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысады. Балабақша 2005 жылы жаңа заманға сай икемделген жобада қайта жасақталған екі қатарлы ғимартқа көшті. Мекеме 2008 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті.

 

Бүгінде балабақшада 95 бала 4 топта тәрбиеленуде. Мұнда бір әдіскер,бір психолог, сегіз тәрбиеші, бір музыкант, бір мейірбике және басқа қызметкерлер жұмыс жасайды. Педагог-тәрбиешілердің сегізі жоғары, төртеуі арнаулы орта білімді. Олардың ішінде біреуі жоғары санатты, біреуі бірінші санатты, бесеуі екінші санатты, бесеуі санаты жоқ.

 

Әрбір топтағы тәрбие мен білім берудегі, өнегелі әдептерге үйретудегі қолданылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын түрлері арқылы жүргізілген тәрбие жұмыстары өз нәтижесін беруде. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мағыналы да пайдалы өтуі ең алдымен тәрбиешілерге тікелей байланысты. Бұл тұрғыда балабақшадағы тәрбиеленушілердің білім дәрежесін қадағалау мақсатында өткізілетін кешенді сабақтардың берері мол. Осы орайда өз ісіне берілген Ш.Ш.Досмағұлова, Д.Ғ.Көшкінбаева, С.Х.Тоқабаева, Қ.М.Наурызалиева,  А.Т.Жұмашбаева, Г.Ж.Қайреденова және басқа тәрбиешілердің еңбегі, өнегелі істері ұжым мақтанышына айналып отыр. Аталған тәрбиешілердің арасында өз іс тәжірибесін таратып, тәрбие жұмысында игі ізденістерімен көрініп жүргендері көп. Осының нәтижесінде балабақша 2006 жылғы 1 маусымда дәстүрлі аудандық «Таңшолпан» өнер байқауына белсене қатысқаны үшін Махамбет аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің «Алғыс хатын» алса, 2008 жылы ауданның 80 жылдығына арналған балабақша аралық сайыста 1-орынды еншілеп және «Алғыс хат» иеленді.

 

Бұдан кейінгі жылдарда да аудандық «Айгөлек» фестиваліне ертегі және би номинациясы бойынша қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінің ІІІ дәрежелі дипломын, аудандық «Салауатты балдырған» аймақтық спорттық-интеллектуалды эстафета ойынында екінші орынды және аудандық білім бөлімінің дипломын жеңіп алды (2009 жыл). «Айгөлек» фестивалінен 2010 жылы да балабақшаның бағы жанып, білім бөлімінің «Алғыс хатын» және «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты аймақтық спорттық-интеллектуалды эстафета ойынында аудандық білім бөлімінің дипломын және үшінші орынды еншіледі. Сол жылы «Әнші балапан» байқауына қатысқаны үшін балабақшаға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты берілді.

 

2011 жылдың 13 сәуірінде ауданда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Егемен елдің бақытты бүлдіршіні» атты байқау өтті. Балабақша мұнда да абырой биігінен көрініп, «Алғыс хат» алды. Сондай-ақ «Салауатты балдырған» ойындарында үшінші орынды еншілеп, аудандық білім бөлімінің дипломын еншіледі. Сол жылдың 16 маусымында аудандық «Жыл ата-анасы - 2011» отбасылық сайысына Рафаэль Боранбаевтың отбасы қатысып, аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатына» ие болды. Ал тамыз айында ел тәуелсіздігі тойы қарсаңында 2011-2012 оқу жылына жақсы дайындалғаны балабақшаға І дәрежелі диплом табыс етілді. 2005 жылғы сәуір айында сол кездегі балабақша меңгерушісі Г.Ж.Жұмағалиева облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасын»

 

Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Алғыс хатын» иеленді. Және сол жылы желтоқсан айында Президент сайлауына белсенді қатысқаны үшін Сарайшық селолық округі әкімінің «Алғысхатын»алды.

 

Сондай-ақ 2008 жылы «Ағарту ісінен – қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практикаға дейін» деген тақырыпта аудандық педагогикалық оқудан диплом мен екінші орын, 2010 жылы «Мектепке жол» акциясына белсене қатысқаны үшін Сарайшық селолық округі әкімінің «Алғыс хатын»,

 

 

«Үздік менеджер - 2010» конкурсында «Шығармашыл менеджер» номинациясы бойынша аудандық білім бөлімінің дипломын, 2011 жылы «Баламалы бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықтар» конкурсында аудандық білім бөлімінің І дәрежелі дипломын еншіледі.

 

 

Жекелеген тәрбиешілердің де атап айтар жұмыстары көп. 2003 жылы тәрбиеші С.Тохабаева «Жыл тәрбиешісі - 2003» байқауында аудандық білім және спорт бөлімінің «Алғыс хатын», «Жыл тәрбиешісі - 2008» байқауынан «Бала жанының бағбаны» дипломын, 2008-2009 жылдары «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық ойындардың рөлі» деген тақырыптағы педагогикалық оқулардан аудандық білім беру бөлімінің дипломын, үшінші орынды және «Алғыс хатты» (2009 жыл) иеленді.

 

Тәрбиеші Д.Ғ.Көшкінбаева 2005 жылы «Жыл тәрбиешісі - 2005» атты байқауда аудандық білім және спорт бөлімінің «Алғыс хатын», 2007 жылы «Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу» атты аудандық және облыстық педагогикалық оқуларда аудандық білім беру бөлімінің ІІІ дәрежелі дипломын алып,

 

 

«Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу» атты еңбегі Атырау облыстық білім беру департаменті облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты жанынан «Мектепке дейінгі тәрбие қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларының баяндамалары» атты жинаққа енді. Және облыстық білім беру департаментінің ІІ дәрежелі дипломын иеленді. Сондай-ақ 2008 жылы «Мектепке дейінгі мекемеде экологиялық тәрбие беру» атты оқуда аудандық білім бөлімінің дипломы мен екінші орынды иеленді. Сонымен бірге оған Білім беру, ғылым қызметкерлері кәсіподағы Махамбет аудандық кеңесінің «Құрмет грамотасы» табыс етілді.

 

 Тәрбиеші Ш.Ш.Досмағұлова 1990 жылы «Балабақшада ойындық сабақтар өткізу» атты облыстық педагогикалық оқу қорытындысы бойынша облыстық халыққа білім беру басқармасының «Құрмет грамотасын» иеленді. 2006 жылы «Жыл тәрбиешісі - 2006» байқауында «Тәрбиеші-зерттеуші» номинациясы бойынша Махамбет аудандық білім бөлімінің дипломын, 2008 жылы «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім беру бөлімінің дипломы мен бірінші орынды, аудандық «Үздік балабақша әдіскері» байқауында аудандық білім беру бөлімінің ІІІ дәрежелі дипомын, 2011 жылы «Баламалы бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықтар» байқауында аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» иеленді.

 

Саз мұғалімі Зәмзә Қайрошева 2004 жылы «Ауылдың үздік ұстазы - 2004» байқауында ІІІ дәрежелі дипломға, 2007 жылы «Қазіргі білім беру, техникалық-шығармашыл мұғалімдерді қалыптастыру және дамыту құралы» атты аудандық педагогикалық оқуда ІІ дәрежелі дипломға, «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы оқытудың сапасын инновациялық бағытта дамыту» атты облыстық педагогикалық

 

оқуда ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ал 2009 жылы «Баланы жастайынан музыкаға баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім беру бөлімінің дипломы мен бірінші орынды еншіледі.

 

Тәрбиеші Қ.М.Наурызалиева 2008 жылы «Балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде көркем әдебиеттің үйретері көп» атты аудандық педагогикалық оқуда диплом мен үшінші орын алды.

 

Тәрбиеші А.Т.Жұмашбаева 2008 жылы «Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі халықтық педагогика негізіндегі көркем шығармалардың маңызы» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын», 2010 жылы «Жыл тәрбиешісі - 2010» байқауында «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясы бойынша аудандық білім беру бөлімінің дипломын, 2011 жылы «Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі көркем шығармалардың маңызы» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» иеленді.

 

Тәрбиеші Ж.Жайлиева 2009 жылы «Имандылық-инабаттылық тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» алды.

 

Тәрбиеші Г.Қайреденова 2010 жылы «Баланың алғашқы танымдық қабілетін ойын түрінде дамыту» атты аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатына» ие болды.

 

2009 жылғы 20 ақпанда өткен «Бала тәрбиесіндегі жаңаша жұмыс тәсілдері» деген тақырыптағы аудандық балабақшалар меңгерушілерінің семинарының, 2010 жылғы 5 наурыздағы «Тәрбие мен оқыту үрдісіндегі инновациялар» деген тақырыптағы аудандық балабақшалар тәрбиешілерінің семинар-практикумының, 2011 жылғы 18 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына сай педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау ережесінің тәртібі және құжаттарын жасақтауды ұйымдастыру» деген тақырыптағы аудандық балабақшалар әдіскерлерінің семинар-практикумының, 18 мамырдағы «Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жазғы сауықтыру жұмыстары» атты аудандық балабақшалар мейірбикелерінің семинарының балабақша қызметкерлері үшін пайдасы зор болды.

 

Балабақша бойынша жыл сайын «Сәбилерге – туған ел шуағы» атты республикалық акция өткізіліп келеді. Акцияға ауыл мекемелері мен кәсіпкерлері, соның ішінде Зәуре Бағытова, Бибатпа Тапекова, Нәсіп Ермекбаева, Балтабай Берниязов, «Нұр-Иба» ЖШС басшысы Ибрагим Берниязов және ата-аналар белсене қатысып, балаларға ақшалай-заттай сыйлықтарын тарту етіп отырады.

 

 Жалпы балабақша тарихында оның қалыптасуы үшін кезінде алғашқы меңгерушісі болған Қалжан Таспанова, марқұм Рахима Жұмағалиева апай көп еңбек сіңірді.

 

2014жылдан 2016 жылдың қараша айына дейін балабақшаға Нұрлығыз Қойшығалиқызы Құспанғалиева меңгерушілік етті.

 

 

Нұрлығыз Қойшығалиқызы Құспанғалиева

 

Бүгінде балабақшаның тарихына айналған әр жылдарда мұнда Шагирова Ғайни кір жуушы, Хабдолхаликова Қамида бала күтуші-санитар, Аубакерова Қабира аула күтуші, Мұхитова Райхан бала күтуші-санитар, Апешова Закеш (Секер) бала күтуші-санитар, Есенғазиева Дәрен бала күтуші-санитар, Қосыбаева Мария кір жуушы, Қайреденова Қарлығаш аспаз, Науырзалиева Лия медбике, Құспанғалиев Қойшығали жүргізуші, Фазылова Марфуға медбике, Қалиева Өрік медбике, Төлегенова Мүнзипа тәрбиеші, Кузняткина Евгения тәрбиеші, Мұхитова Салима тәрбиеші, Жұмағалиева Сара тәрбиеші, Намазғалиева Алмаш тәрбиеші, Қалиева Зауре тәрбиеші, Шұғайыпова Гүлайхан тәрбиеші, Жұмалиева Латипа аспаз, Жұмағалиева Дәріжан аспаз, Уалиева Күләш шаруашылық меңгерушісі, Бекарыстанова Роза дәрігер, Құбашова Сабила аспаз, Шагирова Жаңылсын шаруашылық меңгерушісі, Мұқашева Ақкенже бала күтуші, Қорғанова Күләш көмекші аспаз, Демеубаева Қалжан тәрбиеші, Жұмалиева Балжан тәрбиеші, Қабдолфарихова Гүлфара тәрбиеші, Есенғазиева Марита тәрбиеші, Бахтиярова Гүлбану тәрбиеші, Сүлейменова Марта тәрбиеші, Жексенбаева Сайман тәрбиеші, Чеченов Виталик пен Мұқашев Жеңісбек күзетші болып жемісті еңбек етіп, осы салада өздерінің жарқын қолтаңбаларын қалдырды. Олардың есімдері әркез құрметке ие.

 

2016 жылдың қараша айынан бастап «Бүлдіршін» бөбекжайында меңгерушісі міндетін атқарушы болып Умирова Жанаргүл Багитовна қызмет етуде 

 

Умирова Жанаргүл Багитовна

 

Умирова Жанаргүлден бастап, А.Тапекова (әдіскер), Хайруллина Асемгул (психолог), Жұмағалиева Гүлнара, Нүкеева Бибігүл (есепші), Тохабаева Салия (тәрбиеші), Наурызалиева Қалиса (тәрбиеші), Жұмашбева Айнұр (тәрбиеші), Бермағанбетова Гүлдана (тәрбиеші), Есенғалиева Жанаргүл (тәрбиеші), Маразбаева Анар (тәрбиеші), Қозбағарова Өміргүл (тәрбиеші), Манасова Гүлмира (тәрбиеші), Молдашева Гүлбаршын (көмекші тәрбиеші), Какишева Жұма (көмекші тәрбиеші), Мырзағалиева Айзада (көмекші тәрбиеші), Қайыржанова Айгүл (аспаз), Мұқашева Гүлімжан (кір жуушы), Рысқалиева Салтанат (асапаз), Қарабалина Дидар (шаруашылық меңгерушісі), Төлегенова Арайлым (медбике), Жұмабаева Нұрлыгүл (аула күтуші), Қайыржанов Мұрасбек (күзетші) секілді қызметкерлер жұмыс жасауда.

 

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бүлдіршін» бөбекжайында меңгерушісі болып Құрманғалиева Шәмшіқамар Шауқатқызы қызмет етуде.

 

 

Құрманғалиева Шәмшіқамар Шәмшіқамар

 

Құрманғалиева Шәмшіқамар Шәмшіқамардан бастап, Умирова Жанаргүлден(әдіскер), Хайруллина А(психолог),  А.Тапекова, Жұмағалиева Гүлнара, Дощанова Жансая (есепші), Тохабаева Салия (тәрбиеші), Наурызалиева Қалиса (тәрбиеші), Жұмашбева Айнұр (тәрбиеші), Бермағанбетова Гүлдана (тәрбиеші), Есенғалиева Жанаргүл (тәрбиеші), Маразбаева Анар (тәрбиеші), Қозбағарова Өміргүл (тәрбиеші), Манасова Гүлмира (көмекші тәрбиеші), Молдашева Гүлбаршын (көмекші тәрбиеші), Какишева Жұма (көмекші тәрбиеші), Мырзағалиева Айзада (көмекші тәрбиеші), Қайыржанова Айгүл (шаруашылық меңгерушісі), Мұқашева Гүлімжан (кір жуушы), Рысқалиева Салтанат (асапаз), Қарабалина Дидар (кір үтіктеуші), Жауынбаева назгул (медбике), Жұмабаева Нұрлыгүл (аула күтуші), Қайыржанов Мұрасбек (күзетші) секілді қызметкерлер жұмыс жасауда.

 

Бүлдіршіндердің балалық шағын мәнді де сәнді өткізулеріне бар жағдай жасап, сол жолда аянбай тер төгіп келе жатқан балабақша ұжымының жұмысына ауыл тұрғындары дән риза.